Жастарға үндеу

Болашақтықтардың 19%-ы ҚР Ұлттық компанияларының топ-менеджментінде қызмет етеді – Н.Назарбаев

«Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев болашақтықтардың 19 пайызының ҚР Ұлттық компанияларының топ-менеджментінде, ал төрттен үші экономиканың нақты секторларында қызмет ететінін айтты.
Астана қаласы29 Қараша , 12:11

Мерейтойлық  форумда Мемлекет басшысы «Болашақ» бағдарламасының ел дамуында үлкен мәнге ие болып, барлық салада сапалы кадр дайындауға мүмкіндік бергенін мәлімдеді.

«Бағдарлама түлегінің тең жартысы Қазақстандағы жеке меншік және мемлекеттік компанияларда жұмыс істейді. Солардың 19 пайызы ұлттық компаниялардың менеджерлері. 4 пайыздайы халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда қызмет етеді. Жалпы, олардың төрттен үші экономиканың нақты секторларында қызмет етеді», - деді Н.Назарбаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда болашақтықтардың 25 пайызы бар. Соның 19 пайызы мемлекеттік басқару саласында.

«Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша 2 мыңдай инженерлік-техникалық мамандар дайындалды. Олар бізге өте қажет. Бұл дегеніңіз инновациялық сала, технология, металлургия, коммуникация салаларының мамандары», - деді Елбасы.

Айта кету керек, бағдарламаға елдің әр түрлі табынан шыққан жастар қатысады. Стипендияға ие болғандардың үштен екісі мемлекеттік емес құрылым мен зейнеткерлер отбасының балалары. Ал 200-і ата-анасынан айырылған жастар.

 




Яндекс.Метрика