Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда лицензиялардың 100 пайызы е-үкімет арқылы беріледі – ККМ

Қазақстанда лицензиялардың 100 пайызы е-үкімет арқылы беріледі, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан29 Қараша , 11:40

«Қазіргі кезеңде елде онлайн түрде лицензиялардың 100%-ы беріледі, және барлық компаниялар өз бизнесін интернет арқылы тіркейді. Бүгінгі күні жылдың басынан бастап е-үкімет порталы арқылы 19 000 заңды тұлғалар тіркелді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда некені тіркеуге әрбір төртінші өтініш онлайнмен берілетін туралы - ТМД елдері үшін Электрбайланыс Халықаралық Одағының Өңірлік семинарында, өзінің сөз сөйлеу барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ілгерілету және маркетинг департаментінің директоры Динара Мырзабекова айтып өтті.

Ағымдағы жылы барлық әлеуметтік-маңызды қызметтер электрондық форматқа көшіріледі. Бұл ретте оңтайландырудың және автоматтандырудың арқасында, оларды алған кезінде жыл сайын 40 миллион аса құжаттарды беру қажеттілігі жойылды.

Бүгін egov.kz порталына күн сайын 45 000 мыңға жуық пайдаланушылар кіреді, ал көрсетілетін қызметтер саны былтырғы жылмен салыстырғанда
3,5 есе артты.

 




Яндекс.Метрика