Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Қазақстанда Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесуі басталды

Бүгін Қазақстанның өңірлерінде ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлаушылармен кездесуі басталды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Қараша , 11:35

«Депутаттар облыс орталықтарымен қатар аудандарда, шағын қалалар мен елді мекендердегі сайлаушылармен жүздесуде. Сапар барысында мәжілісмендер еңбек ұжымдары, өнеркәсіптік және әлеуметтік сала нысандары, мектеп пен ЖОО және ғылыми қауымдастық жұмыстарымен танысты», - делінген хабарламада.

Халық қалаулары сайлаушылармен кездесу барысында өздерінің заң шығару жұмыстары мен олардың орындалу істерімен таныстырды.

Мысалға, төменгі палата депутаты Жексенбай Дүйсебаев пен Құралай Қаракен бүгін Ақмола облысы Егіндікөл ауданында болып, мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен кездесті, әлеуметтік нысан жұмыстарымен танысты.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары ауыз су мәселесін, жол сапасы жайлы, мал шаруашылығына субсидия алу секілді мәселелерді төтесінен қойды.




Яндекс.Метрика