Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру

Мемлекеттік басқару академиясына білім беруге Ұлыбританияның профессорлары шақыртылады

Кеше, 28 қарашада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А. Байменовтың Ұлыбританияның Жоғары білім және ғылым министрі Дэвид Уиллетспен кездесуі болып өтті, деп агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы29 Қараша , 11:27

«Кездесуге британ тарапынан Қазақстандағы Британ кеңесінің, English UK және Pearson UK ұйымдарының басшылары, Ұлыбритания колледждер ассоциациясының, Кэмбридж университетінің және т.б. өкілдері қатысты», - делінген хабарламада.

Кезедсу барысында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастықтың оң нәтижелерін атап өтіп, тараптар мемлекеттік қызметшілерді оқыту және бағалау бағытындағы ынтымақтастықты күшейтуді талқылады.

Британ кеңесі мен English UK бағдарламалары аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына британ сарапшыларын, профессорларын шақыру арқылы дәрістер мен семинарлар өткізу мүмкіндігі талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және Өңірлік оқыту орталықтарының базасында мемлекеттік қызметшілерді ағылшын тіліне оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.

Д. Уиллетс Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың маңызды рөлін атап өтіп, өңірлік хаб іс-шараларының аясында белсенді ынтымақтасуға дайын екендігін білдірді.

 

 
 




Яндекс.Метрика