Ұлтаралық бірлік

ҚХА: Достық, келісім мен түсінушілік әрбір қазақстандық үшін қалыпты жағдайға айналды

Достық, келісім мен түсінушілік әрбір қазақстандық үшін қалыпты жағдайға айналды. ҚХА барлық этностардың қызығушылығын біріктіріп, барлық азаматтардың бостандығы мен құқығын теңдестірді, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «Оберег» украин қоғамдық ұйымының төрағасы Тамара Ширмер.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 19:41

«Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  жер бетіндегі келісімнің сақталуына ерекше назар аударады. Республиканың барлық жетістігінде  қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі бар. Мемлекет бар халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін дамытуға айтарлықтай үлес қосып жатыр. Бүгінде келісім, достық, түсінушілік  әрбір қазақстандық үшін қалыпты жағдай», - дедід Т.Ширмер.

Ол айтып өткендей, оның барлығы ҚХА қызметінің нәтижесінде жүзеге асты. 21 жыл ішінде Ассамблея мемлекеттік саясаттың  этникаралық сала мен қоғамды тұрақтандыру мәселесіндегі басты құралына айналды.

«1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Аталмыш институт негізінде барлық ұлттар өзінің тілін, салт-дәстүрін сақтауға толық құқылы», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика