Ұлтаралық бірлік

Отанды сүю және сыйлау діни наным мен ұлтқа байланысты емес – ҚХА саясаты

Қазақстан халқы Ассамблеясы жүргізіп отырған мемлекеттік саясат әрбір қазақстандықты өз Отанын сүюге, өзге елдердің бостандығын сыйлауды діни наным мен ұлтқа байланысты емес деп есептейді, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «Оберег» украин қоғамдық ұйымының төрағасы Тамара Ширмер.
Астана қаласы26 Тамыз , 18:39

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы этномәдени ұйымдардың  жұмысын  белсенділетуге үлес  қосты. Біздің ортақ тарихымыз, ортақ мәдениетіміз, тіл құндылығы  қазақтың жерінде тұрып жатқан бар халықты біріктіреді», - деді Т.Ширмер.

Ол айтып өткендей, азаматтық келісімді қолдау және қалыптастыру, қоғамдық тәртіп, этникааралық теңдік пен тұрақтылық  - жаһандықтың өзекті мәселесі.

«Этностардың өзара қатынасы әр түрлі құндылықтың аясын кеңейтеді. Оның басты құндылықтары: ортақ Отан, әлеуметтік теңсіздік, ел мен адамның абыройы», - деді ол.

Оның айтуынша, мемлекеттік саясат әрбір қазақстандықты өзінің отанын сүюге, өзге адамдардың бостандығын сыйлауға шақырады.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 




Яндекс.Метрика