Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Астанада «Қазақстанда «жасыл» экономиканы құру» атты конференция өтеді

Астанада ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының Қазақстанда «жасыл» өсімді ілгерілету және Астаналық бастаманы іске асыру мақсатында аймақаралық ынтымақтастықты күшейтуді қолдау жөніндегі бірлескен жобаның аяқталуына орай ұйымдастырылған «Қазақстанда «жасыл» экономиканы құру» атты конференция өткізіледі, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы29 Қараша , 10:24

«Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасы жоба жұмысының нәтижелерін ұсынып, конференцияға қатысушылармен Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жолдарын талқылайды», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, қалдықтарды қауіпсіз басқару, ауыл шаруашылығында «жасыл» технологияларды қолдану, табиғи экожүйелерді тұрақты басқару мәселелері, сондай-ақ, қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторда жеке бизнестің жаңа энергетикалық сервистік компанияны құру жолында жинаған сәтті тәжірибесі қарастырылмақ. көрсетіледі. Халықаралық сарапшылар жаңартылатын энергетика жобаларын қаржыландыру мәселесі мен Ұлыбританиядағы «жасыл» инвестициялық банкінің жұмысы жайлы баяндайды.  

 «Жасыл» экономика табиғи ресурстарды үнемді және ұтымды пайдаланып, халықтың өмір сүру сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін жол. Мұндай экономикалық модель әлем елдерінің XXI ғасырдағы орнықты дамуын қамтамасыз етуде ең маңызды құралдардың бірі.

 «Жасыл» экономикаға көшу арқылы Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену мақсат-міндеттерін шешуге мүмкіндік алады. Сарапшылардың есебі бойынша 2050 жылға дейін еліміздің ІЖӨ қосымша 3 пайызға өсетін болады, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып, өнеркәсіп пен қызмет көрсетудің жаңа салалары қалыптасады. 




Яндекс.Метрика