«Бір оқулық ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды, екінші оқулық осы замандағы ұлттық тарихты бейнелеуге арналады», – деп хабарлады ведомствоның жауапты хатшысы А.Ғалымова.
Жаңа басылымдарда тұтастай Орталық Азия аймағының дамуына ерекше назар аударылады. «Мәдени мұра» және «Ғылыми қазына» мемлекеттік бағдарламаларының аясында деректер базасы қалыптастырылған. Олардың негізінде, сондай-ақ, әлемдік ғылыми қорларды пайдаланып, еліміз тарихының әділетті бейнесін жаңадан жасау қолға алынбақ.