Дәйекті де болжамды сыртқы саясат

ҚР Премьер-Министрі Ташкентте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-елдердің Үкіметтері басшыларының Кеңесі отырысына қатысады

Бүгін Ташкентте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-елдердің Үкіметтері басшыларының Кеңесі отырысының күн тәртібіне 8 мәселе енгізілген, ШЫҰ ҮБК отырысына ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов қатысады.
Астана қаласы29 Қараша , 09:52

«ШЫҰ аясында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды әрі қарай нығайту және дамыту бойынша мәселелердің кең ауқымын қарау күтілуде», - деп хабарлады Ш.Нұрышев.

«Нақты айтқанда, отырыс қатысушылары ШЫҰ мүше-елдері арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету бойынша перспективалар мен шараларды талқылайды. Сондай-ақ, Іскерлік кеңес және Банкаралық бірлестіктің қызметі және ШЫҰ көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасын жүзеге асыру туралы ақпарат ұсынылады», - деп толықтырды сұхбаттасушы. 

Отырыс қортындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қою күтілуде. 

«Отырыс қортындысы бойынша Үкіметтер басшылары Ұйымның әрі қарай дамуының негізгі бағыттары бойынша ШЫҰ мүшелерінің позициялары айқындалған бірлескен коммюнике қабылдайды деп жоспарлануда. Сондай-ақ, қаржы блогінің бірқатар құжатына қол қойылып, ШЫҰ мүше-елдерінің аумағындағы жұқпалы аурулардан туған эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеу Бағдарламасы бекітіледі», - деп қортындылады Ш.Нұрышев.
 




Яндекс.Метрика