Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

Маңғыстау облысында 2013 жылдың соңына дейін 9 дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған – ДСМ

Жыл соңына дейін Маңғыстау облысында 9 дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау29 Қараша , 09:39

«Биыл Маңғыстау облысында 5 денсаулық сақтау нысаны салынды. Жыл соңына дейін тағы 9 нысан құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл амбулаториялар тәулігіне 50 кісіні қабылдай алады», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, еліміздің бас дәрігері Салидат Қайырбекова Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарында Жаңаөзен қаласындағы тәулігіне 250 адамды қабылдайтын емхана мен 100 орындық перзентхана жұмысымен танысты.

Хабарламада айтылғандай, салынып жатқан жаңа нысандарды көрген министр аталмыш жұмыстардың уақыты аяқталуы үшін жергілікті атқарушы органға тапсырма берді. Сонымен қатар, салынған әр нысан халыққа сапалы және қолжетімді қызмет көрсететін болуы керектігін айтты.

Жалпы, 2013 жылы республика бойынша 197 жаңа денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Соның 6-ауы станционарлық нысан, 21 емхана, 167 дәрігерлік амбулатория мен медицина пункттері. Қазіргі кезге дейін аталмыш нысандардың 60-ы ғана толық аяқталған.

 




Яндекс.Метрика