Мектепке дейінгі білім беруде тәрбиешілердің біліктілігін арттыру мен бағдарлама сапасына мән беру керек

ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов мектепке дейінгі білім беру мекемелері желісін дамыту бойынша ведомствоның басты мәселелері мен міндеттемелерін атады.
Астана қаласы29 Қараша , 09:29

«Балапан» бағдарламасының арқасында 3-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуы жоспардан асып, 36%-дан 71,5%-ға жетті. Осы тұрғыда Қазақстан дамыған елдердің көрсеткішіне жетеді. Мысалға, Шығыс Еуропада бұл көрсеткіш 80 пайыз болса, Германияда 92%, Ресейде 62% шамасында. 2010 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны елімізде 2 есеге өсіп, 8,7 мыңға жетті. Ал жекеменшік балабақша саны 1,7 есеге өсіп, жалпы көрсеткіштің 25%-ын құрады», - деді еліміздің бас ұстазы.

Министрдің айтуынша, аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Осы орайда тәрбиешілердің біліктілігін арттыру мен бағдарлама сапасына мән беру керек.

«Сандық көрсеткіштің өсуімен қатар министрдің алдынан тағы да түйіні тарқатылмаған бірқатар мәселелер бар. Атап айтар болсақ елімізде бүгінде балаларды ерте жетілдіру және бақылау мамандары жоқтың қасы. Мектепке дейінгі мекемелердегі жоғарғы білімді педагогтардың құрамы 20 пайызға әзер жетіп жығылады», - деді Сәрінжіпов.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру заманауи міндеттемелерді қамтымайды. Қазіргі таңда балабақшаларда 87 оқу бағдарламасы бар, олар 2000-2006 жылдардан бері жаңартылмаған.

Бас ұстаздың пікірінше, білім беру мониторингінде талаптарды күшейту  керек.

«Алдағы үш жылда біздің басты мақсатымыз мектепке дейінгі білім беру орындарында сапалы білім беру. Біз жоспарлап отырған жұмыс аталмыш мекемелердің жағдайын 25 пайызға дейін арттырмақ», - деді министр.

Осы мақсатта кем дегенде 30 пайыз жаңа бағдарлама енгізіп, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің бағдарламасы осы көлемде жаңартылуы керек. Сонымен қатар, балалардың ерте жетілуі мамандары мен тәрбиешілердің біліктіліктерін арттыру жүйесін қолға алу керек. Ол үшін елімізде кадр дайындау ресурстық орталығы құрылмақ.

Үшіншіден, «Білім беру туралы» Заңға мектепке дейінгі білім беру мәселесін қайта қарап өзгерістер енгізу керек.

Төртіншіден, 2014 жылға дейінгі ерте жетілу Тұжырымдамасын дайындау жоспарланып отыр. Ол өз кезегінде мемлекеттік тапсырыс пен инфрақұрылымды дамытпақ.

Осы жұмыстар атқарылғаннан кейін, министрліктің мәліметінше, бүлдіршіндердің 80% пайызы мектепке дейінгі білім беру орындарымен қамтылмақ. 




Яндекс.Метрика