Ұлт жоспары 100 нақты қадам

МӘМС аясында ҚР орта статистикалық отбасы толығымен мемлекет жарнасымен қамтылатын болады – срапшы (БЕЙНЕ ТАСПА)

Міндентті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында Қазақстанда орта статистикалық отбасы толығымен мемлекет жарнасымен қамтылатын болады, деп мәлімдеді ҚР ДСӘДМ Астана қаласы медициналық қызмет төлемі Департаменті басшысының орынбасары Ләззат Шоманова Strategy2050.kz ақпарат агенттіген берген сұқбатында.
Астана қаласы 30 Шілде, 10:03

Сонымен қатар, оның айтуынша бала күту демалысында отырған әйелдер, сонымен қатар, әскери қызметшілер, мектепте оқитын 18 жасқа дейінгі балалар да медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. Зейнеткерлер де осы санатқа жатады.

«Іштей оқитын балалар да міндетті жарнамен қамтамасыз тетілетін болады. Яғни, Қазақстандағы орта статистикалық отбасылар толығымен мемлекеттік жарнамен жабылатын болады»,-деді ол.

Еске сала кетейк, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Мемлекет басшысының бес институционалды реформа іске асырудағы Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 80-ші қадамын және 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтау бағдарламасын дамытуды жүзеге асыру аясында енгізілмек.

Индира Қауметова

Бейне таспа Азамат Алиевтікі





Яндекс.Метрика