Халықаралық интеграция

Астанада жеңіл рельсті көліктің құрылысын іске асыру белсенді кезеңде өтуде

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев «Қытайлық темір жол еуразиялық құрылыстық инвестициялық компанияның» президенті Чжоу Хайвэймен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Астана қ. жеңіл рельсті көлік құрылысы (LRT) бойынша жобаны іске асырудың ағымдағы жағдайын талқылады, деп хабарлады СІМ.
Әлемде29 Шілде , 19:34

Чжоу Хайвэй «аталған жоба ҚР мен ҚХР арасындағы индустриаландыру және инвестициялар жөніндегі бағдарламаның шеңберінде іске асырылуда, сондай-ақ жоғары дәрежелі пысықтауды қажет ететін жобаларға жатады. Екі елдің үкіметтері құрылыс процесіне ерекше назар аударады, өйткені LRT – экономиканың шикізаттық емес секторындағы екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың жарқын мысалы» - деп атап өтті.

Ол аталған көліктің түрі экологиялық таза және Қазақстанда іске асырылып жатқан «жасыл» экономика тұжырымдамасына толық сәйкес келетінін ерекше атады.

Ш. Нұрышев LRT құрылысы қаланың көліктік инфрақұрылымын дамытуға мықты серпін беретініне, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарының қатынауы үшін қолайлы жағдай жасайтынына сенімін білдірді.

Жеңіл рельсті көлік құрылысы туралы уағдаластыққа 2015 ж. мемлекет басшылары деңгейіндегі өзара сапарлар барысында қол жеткізілді. Желінің ұзындығы шамамен 22 км құрайды, оның бойында 18 станция орнатылатын болады, соның ішінде «Назарбаев Университет», «ЭКСПО-2017» қалашығы, қала орталығы, жаңа темір жол вокзалы, әуежай. 19 тасымалдаушы құрамының қатынауы жоспарлануда, ал болжалды жолаушы ағымы күніне 83 мың адамды құрайды. 

 




Яндекс.Метрика