Басқару

ҚТЖ бизнесті трансформациялауды жүзеге асыруға кірісті

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ –да Компаниядағы бизнесті трансформациялаудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасы жобасын жүзеге асыру жобасының тұсаукесер рәсімі негізінде ақпараттық күн өткізілді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Шілде , 19:13

Бизнесті трансформациялау бағдарламасы бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Компания қазіргі таңда бағдарламаның 3-ші кезеңін бастады.

«Бұл Трансформациялау бағдарламасының шешуші кезеңі. Бұл ен «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлері мен бизнесті трансформациялау командасының екі жыл ішінде атқарған жұмысының қорытындысы болып табылады»,- деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті Еркін Жусанбаев.

2015 жыл мен 2016 жыл басынан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Стратегиялық даму бағдарламасына байланысты ПӘК (пайдалы әсер коэффициенті) және ИТ- архитектурасы, стратегиялық маңызды көрсеткіштер үдерісі бекітілді.

Осы нақты жобалардың көрсеткіштерінің нәтижесі Компания өндірісіне енгізіліп, оны алдағы үш жылда жұзеге асыру көзделеді.

Жобаны жүзеге асыру жолындағы өзгерістерді енгізу кезең-кезеңімен басталады. Биылғы шілде айында Жүк тасымалы компаниясы жасақталды. 2017 жылдың соңына дейін Инфрақұрылым жөніндегі Ұлттық оператор құру жұмысы аяқталады.

Келесі кезеңде Бизнесті трансформациялау бағдарламасының «ҚТЖ» ҰК» АҚ Стратегиялық дамуын табысты жүзеге асыруға және компания қызметінің тиімділігін арттырып, тапсырыс берушілердің сұранысын жоғары дәрежеде қамтамасыз етуге мүмкіндік әпереді.

Е. Жусанбаевтың айтуынша,негізгі жүйесінің түбегейлі өзгеруі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-не қызмет көрсетудің ғаламдық моделіне көшуіне ықпал етіп, Компанияның табысының өсуіне жағдай жасайды»

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының менеджері Талғат Иманов жобаның портфелін ұсынды.

Бағдарламаны жүзеге асыру тобы мен жоба жетекшілері өздерінің атқарған жұмыстары мен  алдында тұрған міндеттерін, мақсатын, мерзімін, негізгі атқарылатын шараларды баяндады.  

Е. Жусанбаев Бизнесті трансформациялау бағдарламасының «ҚТЖ» ҰК» АҚ Стратегиялық дамуын табысты жүзеге асыруға және компания қызметінің тиімділігін арттырып, тапсырыс берушілердің сұранысын жоғары дәрежеде қамтамасыз етуге мүмкіндік әперетіндігіне сенімді.  Ақпараттық күнге «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  филиалдары мен еншілес компаниялары, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері қатысты.

 




Яндекс.Метрика