Ұлттың денсаулығы

1000-нан астам спортшылар Ақмола облысында болатын жазғы спартакиадаға қатысуда (ФОТО)

Ақмола облысында «Ақ бидай» XXIX жазғы спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Спорттық шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Астрахан ауданының 80 жылдығы мен Астрахан ауылының 120 жылдығына арналған, деп обләкімдікте хабарлайды.
Ақмола 29 Шілде, 18:56

«Мемлекет басшысы дене шынықтыру және спортты дамыту, өскелен ұрпақты  тәрбиелеу саласына үлкен көңіл бөледі. Алдағы жылдар бағдарламалық құжаттарға бағытталған. Олар – Стратегия 2050, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының тұжырымдамасы, сонымен қатар, президенттің Ұлт жоспары «100 нақты қадамы». 293 спортшы біздің еліміздің ұлттық құрамасына кіреді. Біздің спортшылар талай рет өңіріміз бен еліміздің атын халықаралық, республикалық жарыстарда шығарды. Алдағы жылы ғана түрлі намыста 436 медаль қанжығаға байланды, сонымен қатар, 21 медаль Әлем және Азияның біріншілігінде жеңіп алынды»,-деді аймақ әкімі Сергей Кулагин.

Биыл «Ақ бидай 2015» жазғы облыстық спартакиаданың жалауын областың мықты спортшылары Кузнецов Сергей, Щербинин Николай мен Сүлейменова Меруертке жағу бұйырды.

Айта кетейік, жарысқа барлық аймақтан келген 19 команда қатысады, барлығы шамамен 1000 спортшы. Командалар спорттың 7 түрінен жарысқа түседі: футбол, волейбол, жеңіл атлетика, шахмат, шашки, стол теннисі және отбасылық старт. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика