Инновациялар

Алматыда «ақылды қала» инновациялық технологиясы жүзеге асырылады

«Алматы қаласының даму орталығы» АҚ әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі және Schneider Electric компаниясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп қала әкімдігінде хабарлайды.
Алматы қаласы29 Шілде , 18:09

Компания мегаполиске «ақылды қала» инновациялық технологиясын енгізуді ұсынады: «ақылды сумен жабдықтау» (AQUIS), «ақылды жылумен жабдықтау» (TERMIS), «ақылды электр энергиясын беру» (ADMS), «ақылды мекеме» (SmartStruxure) және т.б.

Осылайша, елдің күші қаланың инфрақұрылымын дамытуға, энергия тиімділігін арттыруға, жылу және сумен жабдықтау желісін дамытуға, су тарту, электр энергиясын жеткізуге  бағытталатын болады. Жобаны іске асыру үшін Қазақстанның мамандары тартылады деп жоспарлануда.

«Инновациялық технологиялдарды енгізу экономикалық ресурсты 40 пайызға жеткізуге көмек береді, осылайша, сенімділік деңгейін және қала инфрақұрылымының энергия тиімділігін арттырады»,-деп хабарламада айтылған.

Анықтама үшін: Schneider Electric компаниясы энергия мен өндірісті автоматтандыруда әлемдік сарапшы болып табылады. Компанияның бөлімшелері 100-ден астам елде жұмыс істейді. 2014 жылы компанияның айналымы 25 млрд евро болды.

Schneider Electric Қазақстанда 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. «Шнейдер Электрик» ЖШС Қазақстанның 4 қаласында коммерциялық өкілдікке ие және оның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

 




Яндекс.Метрика