Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ЖҚЖК: СҚО-да 2500 адам тұрақты жұмысқа орналасқан

Биыл республикалық бюджет пен Ұлттық қордан «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын орындау мақсатында СҚО-на 4,4 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлады басқарма басшысы міндетін атқарушы Сергей Яковенко аппарат жиналысында.
Солтүстік Қазақстан29 Шілде , 17:42

«Жұмыспен қамту жол картасының бірінші бағыты бойынша 67 инфроқұрылымдық жобаға жөндеу жұмыстарын жасау қарастырылған. Бұл жерде 1064 жұмыс орыны құрылады, деп жоспарланған. Оның 549-ы халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы келмек»,-деп атап өтті ол.

С. Яковенконың айтуынша республиканың өзге аймақтарынан көшіп келіп жатқан азаматтарға айрықша көңіл аударылып отыр. 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысына 101 отасын қабылдау квотасы мен 108 оралманды қарсы алу белгіленген болатын. Қазіргі уақытта аймаққа 83 отбасы, 362 адамның құрамындағы 164 еңбекке қабілетті жастағы азамат пен мектеп және балабақшамен қамтамасыз етілуге дайын 180 бала келген.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. 




Яндекс.Метрика