Өңірлер

Қазақстанда коммуналдық меншіктен 142 нысан сатылды – Қаржы министрлігі

Жекешелендірудің екінші толқынын жүзеге асыру аясында коммуналдық меншіктің 142 нысаны сатылды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан29 Шілде , 16:24

2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 1008 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде 509 объекті жекешелендіруге жатады. 2016 жылдың 27 шілдедегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 487 объекті шығарылды, оның ішінде 288 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 19, коммуналдық меншік бойынша - 142, ӘКК - 75, холдингтер бойынша - 52.

Коммуналдық меншік бойынша барлығы 2014 - 2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 493 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде 248 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 27 шілдедегі жағдайы бойынша 243 объекті шығарылды, соның ішінде 142  объекті сатылды.

 




Яндекс.Метрика