Халықаралық интеграция

Қазақстандық десантшылар Армия халықаралық ойындары – 2016 сайысында көш бастады

Армия халықаралық ойындары – 2016 сайысындағы қазақстандық құраманың алғашқы жеңісі Армия халықаралық ойындары – 2016 додасы алаңынан алғашқы нәтижелер де белгілі болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде 29 Шілде, 20:36

Қазақстанның десантшылары Новороссийскідегі «Раевский» полигонында «Десанттық взвод» халықаралық байқауы бірінші кезеңінің көшбасшылары атанды. Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қытай, Иран, Мысыр, Венесуэланың құрамасы мен ӘДД ардагерлерінен құралған ААФЕҚО командасы Ми-8 тікұшағынан парашюттік десанттауды, жиналуды және 10 шақырымдық марш жүгіруді орындады.

Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстанның десантшылары бірінші орынға ие болды. Жерге қону алаңындағы жиналу бойынша Қазақстан үздік нәтиже көрсетті. Командамыздың артынан Қытай және Ресей табан тіреді. Әрі қарай Мысыр, Иран, Беларусь және Венесуэланың командалары жайғасты.

Бұл командамыздың сенімді бастамасы. Алда сайыстың тағы да бірнеше күрделі кезеңдері тұр. Алайда, аралық қорытындыны негізге ала отырып, әрі қарай жарыстағы негізгі бәсеке алғашқы үш команданың арасында күшейе түседі деген болжам бар.

Қатысушыларға экипаждарсыз взводтың спринтін орындауға, сулы учаскені жүзе отырып, атыс қаруынан оқ атуға тура келеді. Одан басқа, сайыс жүзе отырып, десанттың ұрыс машинасында (бронетранспортерында) оқ атумен қудалау жарысы, таулы эстафета, атыс қаруынан, гранатаатқыштардан оқ ату, жүзе отырып, сулы учаскені еңсерумен дәлдікке граната лақтыру, ал соңында дәлдікке жеке секіру түріндегі әскери сынақтар дайындауда.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика