ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Биыл Ақтөбе облысында 7 білім беру нысанының құрылысы аяқталады

Ақтөбе облысында қазіргі таңда 9 білім беру нысанының құрылысы жүруде, оның 7-уін биыл аяқтау жоспарлануда, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.
Ақтөбе29 Шілде , 15:39

Нысандардың құрылысына 2016 жылы 4,9 млрд теңге бөлінді. Жыл соңына дейін облыстық орталықта  «Нұр Ақтөбе» ауданында 1200 орындық мектептің құрылысы, Заречный-3-те 600 орындық,  Кирпичный ауылында  320 орындық   мектеп  құрылысы аяқталмақ.  Үш ауданда – Қарғалы, Алға, Мәртүк аудандарында 100 орындық мектеп беріледі.  Қарғалыда 320 орындық балабақша іске қосылады.

Сондай-ақ, 2017 жылға  қалатын нысандар  Қандыағашта 600 орындық, Мұғалжар ауданында 320 орындық балабақша беріледі.

Айта кетейік, білім беру нысандарының өсуі мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында сәтті шешілуде. 2016 жылдың басынан бері МЖӘ аясында 19 мектепке дейінгі мекеме ашылды.

 

 




Яндекс.Метрика