Басқару

Қазақстанда шамамен 4 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер электронды сандық қолтаңба алды

Қазіргі күні Қазақстанда шамамен 4 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер электронды сандық қолтаңба алды, деп «Ақпраттық-ғылыми орталық» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы29 Шілде , 13:46

«Ақмола облысында 59 нан қабылдау кәсіпорны тіркелді немесе жалпы санның 28 пайызы, СҚО-да – 49 немесе 23 пайыз, Қостанайда-43 нан қабылдау кәсіпорны немесе 20 пайыз, БҚО-13 немесе 6 пайыз, ШҚО-9 нан қабылдау кәсіпорны немесе 4 пайыз, яғни, 5 ірі астық өндіруші салалар 173 нан қабылдау кәсіпорнын тіркеді немесе 83 пайыз»,-деді ол.

Осылайша, СІМ ақпараты бойынша, 209 лицензияланған нан қабылдау кәсіпорын ақпарттық жүйеде жұмыс жасау үшін 196 нан қабылдау кәсіпорны электронды сандық қолтаңба алды және 4 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер де электронды сандық қолтаңба алды.

Оның айтуы бойынша, астық қоймасының жалпы сомасы 14 млн 839 мың тоннаны құрайды, 5 сала бойынша көрсетілген астық қоймасының көлемі 13 млн тоннаны құрайды немесе барлық астық қоймасының 88 пайызы.

«Астық иелері үшін жүйеге қол жеткізуін қамтамасыз етудің жылдық абоненттік төлемі жылына 1АЕК-ті құрайды, яғни, бұл ағымдағы жылы 2121 теңге, ал нан қабылдау кәсіпорны үшін ол 36 АЕК құрайды, яғни, шамамен 76 мың теңге»,-деді ол.

Сонымен бірге, сарапшының айтуы бойынша, барлық операциялар: сатып алу, сату, кепілге тапсыру, бөлу, шоғырландыру, сатуға шығару, астық қолхаттарын өтеу тегін жүйеде өткізіледі, яғни тек абоненттік жылдық төлем ғана төленеді.

Сонымен қатар, сөз барысында Ж.Оспанов 2-3 күн қалғанда нан қабылдау ккәсіпорнымен 43 келісімшарт тіркелгендігін айтып өтті. Яғни, 21 пайыз қазақстандық нан қабылдау кәсіпорны келісімге отырды және аталмыш ақпараттық жүйеде әскери режимде жұмыс жасауда.

Естерінізге сала кетейік, «Астық туралы» заң күшіне 2016 жылдың 23 маусым айында енді. Күн белгіленгеннен кейін астық қолхаттары электронды түрде ғана шығарылады.

Индира Қауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика