Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Бір ай бойы Астананың қоғамдық кеңесі азаматтарға арналған қабылдау жүргізеді

Бір ай бойы азаматтарға арналған қабылдау ашу жоспарлануда, олар шарада көкейлерінде жүрген сұрақтарды қоя алады, деді Астана Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов әкімдікте өткен отырыста.
Астана қаласы29 Шілде , 13:31

«Қалалық мәслихат сайтында «Қоғамдық кеңес» деген қосымша бар, азаматтар сайтқа жүгініп өз ұсыныстары мен пікірлерін қалдыра алады. Сондай-ақ, сұрақтарды жазбаша түрде беруге болады», - деді С.Есілов.

Оған қоса, ұйым төрағасы айтып өткендей, қазіргі таңда елорда әкімдігімен қоғамдық қабылдау бойынша келіссөздер жүргізілуде.

«Мен қала әкімдігімен келіссөз жүргізіп жатырмын,олардан кішігірім орын сұрап отырмыз. Бір ай ішінде бұл мәселені шешеміз.  Қабылдау кестесін  бекітіп, оны халыққа жеткіземіз», - деді ол.

Сондай-ақ, төраға  еске салғандай, қоғамдық кеңестер туралы   заңға сәйкес  жылына екі рет халыққа есеп беру қарастырылған.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика