EXPO-2017

ЭКСПО-2017 тақырыбы бізге жақын әрі қызықты - ГФР

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ГФР Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рольф Мафаэльмен кездесті.
Астана қаласы29 Шілде , 15:13

Жақында ғана тағайындалған елші оның жақын уақыттаға негізгі міндеттерінің бірі Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне Германияның қатысуын ұйымдастыру мәселелері болмақ. Елшінің айтуынша, неміс павильонының тұжырымдамасы дайын және барлық қажетті техникалық жұмыстар жүргізілген, деп хабарлады ұлттық компаниядан.

«Сіздердің көрмелеріңіздің тақырыбы бізге өте жақын әрі қызықты. Жақын уақытта Германияға іссапармен барып, ондағы ЭКСПО көрмесіне қызығушылық танытатын кәсіпкерлермен кездесетін боламын. Олар өте көп»,-деді Р.Мафаэль.

Германия өз павильондарына барлық техникалық процедураларды жасап қойған алғашқылардың бірі. Олардың павильондары ең үлкен алаң – 1250 шаршы метрді құрайды.

«Германия әлемдегі жаңартылған энергетика бойынша көшбасшы ел. Сол үшін біз неміс павильонына барушылардың көп болатынына сенімдіміз»,-деп атап өтті А.Есімов.

Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындарын 95 ел мен 17 халықаралық ұйым растады. 




Яндекс.Метрика