Өңірлер

Қазақстанда 10 мың фермер үшін тегін семинарлар өтеді

Ауыл шаруашылқ министрлігінің тапсырмасы бойынша, Қазақстанның барлық облыстарында фермерлер үшін тегін семинарлар өтеді. Бағдарламаға мемлекет шамамен миллиард теңге бөлді.
Астана қаласы29 Шілде , 12:41

Биыл ауыл шаруашылық министрлігінің тапсырмасымен тегін негізде АӨК субэектілерін ақпаратпен қамтамасыз етудің бюджеттік бағдарламасы іске асады. Оны «Атамекен» ҰКП атқарады. Осы үшін, ағымдағы жылдың маусым айында агроқұзырет орталығы құрылды. Орталық директоры Төлеутай Рахымбекованың айтуы бойынша,  фермерлер арасында жиі кезедсетін мәселе,  ол ақпараттың жетіспеушілігі.

«Біз барлық Қазақстан бойынша 600 семинар өткізуді жоспарлаудамыз және он мыңнан астам фермерлерді қаматамасыз етеміз. Семинар ауыл шаруашылық министрлігімен анықталған 25 негізгі бағыт бойынша өткізілетін болады. 13-і мал шаруашылығы бойынша және 12-і өсімдіктану жағына. Негізгі проблеманың бірі – ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз ету. Барлық фермерлер ауыл шаруашылығының мамандары болып келмейді. Сондай-ақ, мамандардың өзі білімі әрдайым жетілдіріп отыру керектігін айтады, біздің фермерлер барлық инновациялық өңдеуді білулері тиіс»,-деді «Атамекен» ҚР ҰКП орталық директоры.

Сонымен қатар, бағдарламаға 25 шетелдің мамандары кіргізілген. Қазақстандық дәріс оқушыларды олар семинардың әдісімен таныстыратын болады. Бағдарламаға мемлекет шамамен миллиард теңге бөлді.

«Қараша айын дейін Қазақстанның барлық облыстарында болды жоспарлаудамыз. Біздің мақсатымыз тек 10 мың фермерді оқытып қана қоймай, оларға  семинар барысында қазіргі заманға сай шешімдер қабылдауға үйрету. Осындай үлкен көлемді бағдарламаға мемлекет миллиард теңгеден астам қаражат бөлді»,-деді Т. Рахымбекова.

Тұрақты негізде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді сүйемелдеу үшін және оларға дәріс беру үшін ҚР ҰКП www.fermers.kz интернет порталын әзірлеуде. Барлық оқыту бағдарламаларын онлайн түрде осы сайттан  алуға болады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика