Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

2020 жылға дейін Астанада ірі «ғарыштық қалашық» салынады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

2020 жылға дейін Астанада ірі «ғарыштық қалашық» салынады. Кешен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК бөлген 30 гектар жерге орналастырылатын болады.
Астана қаласы29 Шілде , 14:32

«Бірінші кезекте орталыққа жер үстіндегі ғарыштық жүйенің жерді қышықтықтан зондтау, жоғары дәлдікті ғарыштық навигациялар, арнайы конструкторлық және технологиялық бюро, сонымен қатар, ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешені сегменті кіреді»,-деп хабарлады «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетьін атқарушы Марат Нұрғожин арнайы пресс-тур кезінде.

Бұдан бөлек, ғарыш аппараттарын жинау кешені мен ғарыш техникасының арнайы құрастыру бюросының ғимарат құрылыстары 80%-ға аяқталған және ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы 30%-ға дайын. 

Оның айтуынша, «ғарыштық қалашықта» тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар болады.

«Қазғарыш пен біздің мамандар үшін 700-1000 пәтер салынады. Сондай-ақ, балабақша, спорт кешені, сауда орталығы, біздің серіктес жұмысшылар тұратын қонақ үй және біздің өскелең, болашақ ғарышкерлер үшін ғарыштық осерватория да салынатын болады»,-деді ол. 

Осыған орай «Қазақстан Ғарыш Сапары» президентінің міндетін атқарушы ұлттық компанияның KazEOSat-1 мен KazEOSat-2 жер серіктерінің суреттері сатылымынан табыс таба бастьағанын атап өтті. Сыртқа сатылдған тауар сомасы 2016 жылдың қаңтарынан бастап 40 млн. теңгені құраған.

«Алғашқы жарты жылдықта біз біздің мемлекеттік органдарға республикамыздың 5 млн. шаршы шақырым территориясының суреттерін бердік. Егер нарық бағасымен айтатын болсақ, ол 11 млн. доллар болады. Мемлекеттік органдарға ол суреттерді тегін бердік»,-деді ол. 

Суреттерді 200-ден астам елдер алады. Олардың қатарында Ресей, Египет, Судан, Африка, Оңтүстік және Солтүстік Америка, ТМД мен Еуропа мемлекеттерінің барлығы бар. Ол суреттер негізінен ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар ведостволарына, мұнай және газ қоры деректерін және тағы басқа да салаларды анықтауға қажет.

Ұлттық компанияның ғарыштық технология бойынша вице-президенті Айдын Айымбетов атап өткендей, Қазақстанның ғарыштық суреттерін өздерінің жер серіктері бар елдер де пайдаланады. Оның үш факторы бар. 

«Біріншіден, бұл сапа. Біздің суреттердің жоғары рұқсаты – бір метр. Екіншіден, уақыттық диапазон. Олардың жер серіктері сол уақытта бол болмай қалуы мүмкін, біздікі бос болуы мүмкін. Үшіншіден, аса маңызды болмаса да баға факторы тағы бар»,-деп түсіндірді ол. 

Атап өту керек, KazEOSat-1 мен KazEOSat-2 жер серіктерінің шығыны 3,5 жылдан кейін өтелетін болады.

Анар Тәңірқұлова

Сурет Азамат Алиевтікі




Яндекс.Метрика