Халықаралық интеграция

Қазақстан Әскери-әуе күштерінің авиапаркі жаңа әскери-көліктік ұшақпен толықты (ФОТО)

Алматы қаласының авиациялық базасында С-295 жаңа әскери-көліктік ұшақты күтіп алды. Бұл енді Қазақстан Әскери-әуе күштерінің авиациялық паркін толықтыратын Испанияның Севилья қаласынан келген бесінші ұшақ болып табылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы 29 Шілде, 11:57

Ұшу Испания, Грекия, Әзірбайжан бағдары арқылы үш кезеңде жүзеге асырылды. Бортты экипаж командирі, 2-сыныпты әскери ұшқыш, капитан Бағлан Бейсебаев пен экипаж командирінің көмекшісі, 3-сыныпты ұшқыш, капитан Кирилл Казаков, сондай-ақ, Испанияның «Airbus Military» экипажы ажыратты.

Ұшақты Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов пен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов күтіп алды. Жеңіл турбобұрандамалы С-295 «Airbus Military» көлік ұшағы жеке құрам мен жүктерді тасымалдау, десанттың парашюттік және жерге қону тәсілдерімен десанттауы, жаралылар мен науқастарды тасымалдау үшін санитарлық ұшуларға арналған.

С-295 ұшағы 71 әскери қызметшіні немесе 48 десантшыны, яки, медициналық персоналы бар зембілдермен 24 жаралыны немесе 9,2 тонна жүкті тасымалдауға қабілетті. С-295 ұшақтары жарақтандыруға қабылданғаннан бастап Қазақстан әскери-көліктік авиациясының тобы анағұрлым күшейді.

Аталған үлгідегі ұшақтар Испанияда оқудан өткен Қазақстан ӘӘК ұшу және инженерлік-техникалық құрамымен толық меңгерілді. 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап еліміздің Әскери-әуе күштерінде пайдаланылып жүрген ұшақтар жеке құрам мен жүктерді жеткізуді жүзеге асыра отырып, Қазақстан мен таяу және алыс шетелдерде өткізілетін барлық оқу-жаттығуларға белсенді түрде тартылады.

 Біздің табиғи-климаттық жағдайларда пайдаланылуы кезінде С-295 ұшағы сенімді және күтіп-баптауды қажет етпейтін ұшақ ретінде танылды. Қарулы Күштеріміз үшін осындай сегіз ұшақ жеткізілетін болады. С-295 әскери-көліктік ұшақтардың ҚР Әскери-әуе күштеріне тапсырылуы бұдан бұрын қазақстандық тарап және «Airbus Military» еуропалық авиациялық концерн арасында жасалған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылады.  
 





Яндекс.Метрика