Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Үкіметтік емес медициналық қауымдастықтар медициналық қызмет сапасы бойынша біріккен комиссияның басым бөлігін құрайды (БЕЙНЕ)

ДСӘДМ жанындағы медициналық қызмет сапасы бойынша бірікке комиссия 17 сарапшыдан тұрады. Олардың аз бөлігі – бұл мемлекеттік ұйым өкілдері, басым көп бөлігі үкіметтік емес медициналық қауымдастық өкілдері. Бұл туралы ҚР Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы бас директорының орынбасары Тимур Сұлтанғазиев Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында айтты.
Астана қаласы 29 Шілде, 11:39

«Бірікке комиссия ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің базасында құрылған. Әзірге ол еліміз бойынша біріңғай болады. Болашақта өзін-өзі реттейтін жеке ұйым ретінде комиссиялар бөлінуі мүмкін. Бұл өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде консультативті-кеңесшілік орган болады»,-деді ол.

Сарапшы атап өткендей, комиссия 17 сарапшыдан тұрады. Олардың аз бөлігі – бұл мемлекеттік ұйым өкілдері, басым көп бөлігі үкіметтік емес медициналық қауымдастық өкілдері.

«Қазір айтарлықтай кең көлемде қайта қарау мен клиникалық хаттамалар жаңартылып атыр. Клиникалық хаттамалар – бұл дәрігердің нақты бір пациент үшін жүргізген емі мен диагностикасы. Ал, клиникалық хаттаманың деректері дәлелденген медицина мен әлемдік үздік тәжірибе негізінде зерттелетін болады. Биыл түрлі бағыттағы 80-ге жуық клиникалық хаттамалар зерттелді. Ең бірінші негізгі бес ауруға баса назар аударылды. Олар: онкология, травма, ана мен бала, инсульт пен инфаркт»,-деп түсіндірді Т.Сұлтанғазиев.

Индира Қауметова

Бейне: Азамат Әлиев 





Дерекнама

Яндекс.Метрика