Білім беру

Алматының 130 дәрігері Универсиада қарсаңында ағылшын тілін үйренуде (ФОТО)

2017 жылы болатын 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада қарсаңында Алматының шамамен 130 медициналық қызметтер өкілдері ағылшын тілін оқуға кірісті.
Астана қаласы 29 Шілде, 11:16

Арнайы ағылшын тілінің курсы Сүлеймен Демирел атындағы Университетте өтуде. Оқыту 4 шілдеден басталды және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасын табады, деп Универсиада-2017 баспасөз қызметінде хабарлайды.

«Ағылшын тілінің курсы Сүлеймен Демирел атындағы Университет базасында өткізіледі. Біз дәрігерлерді Универсиада кезінде келген қонақтарға көмек көрсетуге дайындап жатырмыз, содан кейін, әрине, спорт шарасы барасында күнделікті болатын жағдайды түсіне білулері үшін. Универсиада кезінде біздің дәрігерлер қонақтарымызға көмек көрсетіп, олармен ағылшынша сөйлей алатын болады деп сенеміз»,-деді ағылшын тілі мұғалімі Оксана Суюрмен.

Аталмыш сабақтың негізгі тапсырмасы қаланың мамандандырылған қызметтегі қызметкерлерінің ағылшын тілі деңгейін көтеру.

Ағылшын тілін оқыту бойынша бағдарламаны Алматы қаласының жоғары оқу орындарының өкілдері 2017 жылы болатын 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданы өткізу мен дайындау бойынша Дирекциясымен бірге  жасады.

Естерінізге сала кетейік, осы сынды ұқсас курстар ІІД, ТЖД және тағы басқа қаланың мамандандырылған қызметкерлеріне жүргізілуде. Олардың оқытулары Алматы қаласының 4 ЖОО-да өткізілуде.





Яндекс.Метрика