Евразиялық одақ

Вьетнаммен еркін сауда келісімі 2 айдан кейін күшіне енеді – ЕЭК

28 маусымда барлық елдер – Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда туралы келісімге қатысушы және Вьтнам оның ратификациясын аяқтады,-деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.
Әлемде29 Шілде , 08:53

«Бүгін барлық үдерістер, Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда туралы келісімге қатысушы елдердің ратфикациялары аяқталғанын хабарлауға болады. Келісім барлық қатысушы елдерде ратификацияланды. Біз вьетнамдық серіктестерге келісімнің 60 күннен кейін күшіне енетіні туралы хабарлама жібердік. Сондықтан, екі айдан кейін еркінг сауда режімі өз жұмысын бастайтын болады және отандық тауарлар вьетнам нарығына баж салығынсыз немесе төменгі ставкамен жеткізілетін болады. Қолданбалы бас салығы кейбір тауарлар үшін қала беруі мүмкін, бірақ, Одақ елдері экспорты Вьетнамда 1%-дан төмен болмақ»,-деп хабарлады сауда бойынша мүше министр Вероника Никишина.

Келісім күшіне енген сәттен бастап Вьетнам ЕАЭО елдері қызығатын көптеген экспорттық тауарлар үшін нарығын ашатын болады.

Олар:

- ауыл шаруашылық сектор: сиыр еті, шошқа және құс, өңделген ет өнімдері, консервіленген балық, ұн, сүт өнімдері, ірімшік, өсімдік майы, мал азығы және алкоголь өнімдері.

- өнеркәсіп секторы: құнды тастар, шиналар, прокат құбырлары, механикалық құрылғылар, электронды құрылғылар, автокөлік құралдары, темір бұйымдары, ауыл шаруашылық техникалары, автобустар, жеңіл автокөліктер, жүк көліктері және мұнай өнімдері.

Келісім еркін сауда аясында тауарайналымның артуына жағдай жасайды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика