Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысының төрағалығымен Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің төрағалығымен өткен Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының төртінші отырысы, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы29 Қараша , 09:00

«Ақордада өткен отырыста алғашқы басқосу өткізілгеннен бергі алты ай ішінде атқарылған жұмыстар қорытындысы шығарылды», - делінген хабарламада.

Отырысқа қатысушылар ұлттық тарихты зерделеу жөнінде одан әрі атқарылар жұмыстар перспективаларын талқылады.

Жұмыс тобының мүшелері оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеушілік сипатттағы проблемаларға талдау жасау аясында еліміздің жетекші ұлттық жоғары оқу орындары – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тәжірибелерімен танысты.

Сондай-ақ, мұражай-мұрағат ісін дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысында уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар, республиканың оқу және ғылыми-зерттеу мекемелері үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді.




Яндекс.Метрика