Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда Дүниежүзілік вирусты гепатитпен күресу күніне арналған айлық басталды

Бүгін Қазақстанда Дүниежүзілік вирусты гепатитпен күресу күніне арналған айлық басталды. 28 тамызға дейін еліміздің барлық өңірлерінде тұрғындар үшін оқыту семинарлары, медицина қызметкерлері үшін тренингтер өтеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан28 Шілде , 17:51

Медициналық-санитарлық көмектің алғашқы ұйымдарында ашық есік күндері ұйымдастырылады. Онда азаматтар инфекционист, гастроэнтеролог, гепатолог мамандардың вирусты гепатиттың алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша тегін консультациялар алып, скринингтік тексерулерден өте алады.

Шараны өткізудің  мақсаты: қоғамның назарын аурудың алдын алу, скринингке, вирустық гепатитпен және онымен байланысты аурулармен күресуді күшейту мәселелеріне аудару.

Вирусты гепатит – бауырдың қабынбалы инфекциялық ауруы. A, B, C, D және E вирустарының салдарынан әлемнің жүздеген миллион адамдары жіті және созылмалы бауыр ауруынан зардап шегуде, әсіресе В және С гепатитінен жылына 1,4 миллион адам өлім-жітімге ұшырайды.

Әдетте А және Е гепатитіне шалдығудың себебі  таза емес тағам мен  суды тұтынудың салдарынан болады. В, С және D гепатиті ағзаның жұқпалы сұйықтығымен байланыс нәтижесінде жұғады. Осы вирустардың берілуінің кең тараған тәсілдерінің қатарына вирус жұққан қан немесе қанның өнімін құю, лас құрал-жабдықтарды қолдану арқылы инвазивтік медициналық шаралары кіреді. В гепатиті сондай-ақ босану кезінде анадан балаға, отбасы мүшесінен балаға, жыныстық қатынас  кезінде жұғады.

Бұл аурудың кең таралуы, сонымен қатар науқасты диагностикалау мен емдеудің қиындықтары ескеріліп, бүгінгі таңда профилактикалық шаралар жүргізу және адамның өзінің денсаулығына деген ортақ жауапкершілігі үлкен рөл атқарады. Жеке басты қорғау шараларын сақтау маңызды. Олар: қауіпсіз тағам мен суды пайдалану; инъекция алу үшін бір реттік инелер мен шпирицтерді пайдалану; қауіпсіз жыныстық қатынасты насихаттау; косметикалық шараларды (татуировка, пирсинг және т.б.) лицензиясы бар арнайы мекемелерде жасату; балаларды Ұлттық егу күнтізбесі бойынша В гепатитіне қарсы егу.

 




Яндекс.Метрика