Өңірлер

Жамбыл облысында 3,4 пайызға инвестициялар көлемі өсті

Жамбыл облысында негізгі капиталған құйылған инвестиция көлемі 96,9 млрд теңгені құрады, ол 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 3,4 пайызға артық, деп хабарлады өңірдің әкімдігі.
Жамбыл28 Шілде , 19:06

Өсім Қытайға шығатын  транзиттік магистралды газ құбырының құрылысына инвестиция тарту есебінен пайда болды.  Қаратауда минералдық тыңайтқыштар өндіретін химиялық зауыт құрылысы да бар.

Сондай-ақ, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 141,9 мың шаршы метрді құрады, ол 2015 жылмен салыстырғанда 19,7 пайызға үлкен.  Үш үйдің құрылысына  жергілікті бюджеттен 823,6 млн теңге бөлінді.

Өңірде өндірістік өнім көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға көп. Тау кен өңдеу өнеркәсібінің өнімі карьер дайындауда 3 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде 10,7 пайызға көбейді.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика