Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

«Азия Авто Қазақстан» өнімінің негізгі бөлімі Ресей мен ОА елдерене экспортталады – ИДМ

«Азия Авто Қазақстан» өнімінің негізгі бөлімі Ресей мен ОА елдерені экспортталады, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлы.
Астана қаласы28 Шілде , 16:53

«Жеңілдікпен  несие  беру  салалық механизмнің жалғыз қолдаушысы емес. Автоөндіріс  индустрияландыру бесжылдығының  басым бағыттар саласына  бағытталды», - деді Қ.Жұмабайұлы.

Ол айтып өткендей, экономикалық дағдарысқа қарамастан, индустрияландырудың екінші бесжылдығы бойынша көлік шығару 4,8 есеге өсті.

«Бағдарлама қойған тапсырмалар ішінде: оқшаулау деңгейін 50 пайызға жеткізу, автокомпоненттік секторды құру, жұмыс орындарын көбейту, экспортқа шығу. Отандық автоөндірушілер  өз жобалары бойынша белсенді жұмыс істеуде. Бүгін бірқатар жобалардың ішінде Шығыс Қазақстан облысында ірі жоба жүзеге асырылуда. Автоөндірістік кластер- ірі нысаны салынуда, оның қуаттылығы жылына 120 мың автомобиль.  Инвесторлар «Азия Авто Қазақстанға» 55 млн доллар өз қаражатын қосты. Жұмыс 12 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Министрлік өкілі айтып өткендей, өнімнің негізгі бөлігі Ресей мен Орталық Азия елдеріне экспортталады.

«Бүгінде «Бизнестің жол картасы-2020» аясында  автокластер  алаңында инженерлік коммуникациялардың монтажы жүргізілуде. Кластердің негізгі бөлігін жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған. Өнімнің бірінші кезегі 2018 жылға жоспарланған», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика