Өңірлер

Ақмола облысында 70 орынға арналған аудандық аурухана ашылды (ФОТО)

Жарқайын ауданының Державинск қаласында 70 орынға арналған емханамен бірлескен аурухананың салтанатты ашылу салтанаты өтті,-деп Ақмола облысының әкімдігінде хабарлайды.
Ақмола 28 Шілде, 18:14

Айта кететін жайт, аудандық аурухана бұрындары 1964 жылдары құрылған ескі бейімделген мекемелерде орналасты. Ауруханада жабдықтар жеткіліксіз болды, ал ол өз кезегінде емделушілерге сапалы медицианалық көмек алуға мүмкіндік берген жоқ. Осыған орай, емханамен біріктірілген жаңа аурухананың құрылысын бастау туралы шешім қабылданды.

«Аталмыш аурухана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «350 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы» атты тапсырмасын іске асыру аясында жасалды. Бұл нысанның құрылысын бақылауға алғаш келгенім жоқ. Бүгін, өздеріңіз көріп тұрғандай, жоспардың іске асып жатқанын бақыладық: аудан тұрғындары емханасымен бірлескен ауруханаға қол жеткізді. Оның үлкен болашағы бар. Ендігі күні, тұрғындарға тексерістен өту үшін міндетті түрде облыстық орталыққа баруды қажет етпейді. Менің ойымша, медициналық қызметкерлер емделушілерге сапалы медциналық көмек көрсететін болады. Барлықтарыңызды шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт және табыс тілеймін»,-деді аймақ басшысы Сергей Кулагин.

Аурухананың құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 2,8 млрд теңге қаражат бөлінді.

 





Яндекс.Метрика