Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

7 мыңға жуық қазақстандық жеңілдетілген несиемен автомобиль алды

2015 жылы жеңілдетілген несие бағдарламасы жүзеге асқан күннен бастап бүгінге дейін қатардағы 7 мыңға жуық қазақстандық автомобиль алды, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігінің ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы28 Шілде , 16:09

«Екінші жарты жылдықтың өзінде біз отандық автопромда өзгерістер бар екенін көріп отырмыз. Бұл жерде мемлекеттік қолдау үлкен атқарып отыр. Өткен жылы жеңілдетілген автонисие бағдарламасы іске аса бастаса, бүгінгі күні 6 мың 757 адам осы жеңілдік арқылы автомобильге қол жеткізді»,-деді Қ.Жұмабайұлы.

Министрлік өкілі атап өткендей, жеңілдетілген несиелік бағдарлама автомобиль сатып алушы қатардағы азаматтарға қолдау көрсеткендей, автоөндірушілерге де қолдау білдірген.

«Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама екінші деңгейлі банктерді теңгемен қаржыландырды. Бағдарлама Ұлттық қорға кепілдендірілген кіріс түсімін қамтамасыз етті. Бағдарламаны қорландыруға бөлінген 26 млрд. теңге қайтарым негізінде 4% сыйақы тиянақталған ставкасымен банктерге беріледі»,-деді Қ.Жұмабайұлы.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика