Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жамбыл облысында ЖҚЖК бағдарламасы 12 мыңнан астам адамды қамтыды

Жамбыл облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 12 777 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков өңірлік коммуникация қызметінде.
Жамбыл28 Шілде , 19:58

«Жамбыл облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 12 777 адам жұмыспен қамтылды. Жобалар мен мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға 852 адам жұмыспен қамтылды, мемлекеттік қолдаусыз 6073 адам жұмысқа орналасты», - деді ол.

Спикердің айтуынша, әлеуметтік жұмысқа 1152 адам орналастырылса, жастар тәжірибесімен 1267 адам қамтылды,  ақылы қоғамдық жұмыспен 2864 адам, кәсіптік білім берумен 445 адам қамтылды.

«ЖҚЖК-2020» аясында 124 шағын несие берілді. 11462 жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың 1 жартысында 4,9 пайызды құрады», - деді ол.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика