Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Жарты жыл ішінде отандық автоөнеркәсіптің экономикаға берген үлесі шамамен 37 млрд теңгені құрады

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша автоөнеркәсіптің Қазақстан экономикасына берген үлесі 36,6 млр теңгені құрады, деп ҚР инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлы ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы28 Шілде , 15:57

«Дағдарыс болғаннан бастап сала көптеген өзгерістерді бастан кешірді. Көрсеткіштер 2013-2014 жылдағыдай болған жоқ. Автөнеркәсіп ауыр соққы алды. Сонымен қатар, ағымдағы жағдайға қарамастан саланың кәсіпорнына ЖІӨ құрылымындағы салмақты үлес келеді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша автоөнеркәсіптің Қазақстан экономикасына берген үлесі 36,6 млр теңгені құрады»,-деді  Қ. Жұмабайұлы.

Министрліктің ресми өкілінің айтуы бойынша, бұл сан өңдеу саласында бірқатар мақсаттың көрсеткішін көтерді.  

«Мысалы, автоөнеркәсіптің ЖІӨ-ге салған үлесі жеңіл, қағаз өнеркәсібі, фармацевтикалық өнімдерді шығару, тоқыма өнеркәсібі, электроника өндірісі, сонымен қатар, мобильді және ағаш өңдеу өнеркәсібінде жұмыс қорытындысын айтарлықтай арттырды»,-деді ол.

Сонымен қатар, сөз барысында отандық автозауыттың жоспары бойынша екінші жартыжылдықта саланың алдағы қалпына келуін болжамдайтын мүмкіндік бар екендігі айтылды.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика