Халықаралық интеграция

Мысырда Қазақстанның мәдени күндері өтеді

Каирда Қазақстан елшісі Берік Арын мен Араб Египет Республикасының Мідениет министрі Хельми Намнаммен кездесу болып, онда екі ел арасындағы мәдени байланысты кеңейту мәселелері талқыланды.
Әлемде28 Шілде , 20:37

Тараптар Египетте сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша 5-ші Парламентаралық комиссия отырысы аясында осы жылдың қазан айында Каир қаласында Қазақстанның мәдениет Күндерін өткізу туралы келісті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Сонымен қатар, соңғы жылдары халықаралық терроризм мен діни экстремизмнен туындап отырған қауіп-қатерлер жөнінде пікір алмасты.

Осыған байланысты елші Қазақстанның түрлі мәдениет өкілдерінің және діни тұрғыда бейбітшілікті қамтамасыз етуде бірлікке шақыруда мол тәжірибесін таныстырып, елдердің тұрақты дамуына және бейбітшілік кепілі бола алатыны туралы айтты.

Египеттік министр Қазақстанның ішкі тыныштықты дамытудағы тәжірибесі мен халықаралық бастамаларын жоғары бағалады. Оның пікірінше бүгінгі жағдайда көпұлтты қазақстандық моделді қалыптастырып, көпконфессиялы қоғамды басқарудағы тәжірибесі көптеген елдерге бірегей үлгі болатынын алға тартты. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика