Өңірлер

Атбасарда 7 су жіберу нысаны салынып жатыр (ФОТО)

Атбасарда тасқынға қарсы іс-шаралар аясында бірден 7 су жіберу нысаны салынуда, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.
Ақмола 28 Шілде, 15:43

Ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Сергей Кулагин аталмыш нысандардың бірінің құрылысымен танысқаны айтылды.

«Қазіргі уақытта 3 нысанның құрылысы аяқталды. Қалған төртеуінің құрылысы өте қарқынды жылдамдықпен жүргізілуде. Бұл мақсатқа бюджеттен 163 млн. теңге бөлінді»,-делінген хабарламада.

Құрылыс алаңдарында болып, нысандардағы жұмыстармен танысқан аймақ басшысы барлық құрылыс жұмыстарды міндетті түрде биылғы күздің басына дейін толық аяқтау керектігін атап өтті.

Еске сала кетейік, тасқынға қарсы шаралардың алдын ала жасалғанының арқасында көктемде Атбасар ауданында ешқандай судан зардап шеккен жан болған жоқ. Сонымен қатар, жағалауға ұзақтығы 5-6 шақырым болатын, биіктігі 4-7 метр болатын қорғандар салғанның да көмегі зор болды. 





Яндекс.Метрика