Энергетика

ҚР-да 5 жыл ішінде республикалық бірыңғай 300 АЖҚС жүйесін құру жоспарлануда

ҚР-да 5 жыл ішінде республикалық бірыңғай 300 АЖҚС жүйесін құру жоспарлануда, деді ОКҚ брифингінде «КНПЗ» ЖШС-нің басқарушы директоры Дәулет Қалиханов.
Астана қаласы28 Шілде , 13:41

«Қазіргі таңда КНПЗ белсенді түрде даму үстінде, қазірдің өзінде еліміздің 11 аймағындағы орналасқан 300 АЖҚС олардың серіктестері болып табылады, жақын арада 400-ден аса АЖҚС серіктес болу  жоспарлануда. Белгілі проблемалық аспекттерді азайту ал кейбір жағдайларды жою мақсатымен КНПЗ ерікті түрде өңірлік АЖҚС-ын саны 400 АЖҚС-дан асатын бір Республикалық желіге біріктіре отырып мәселелерді келесі жолмен шешуге бел буды», - деді Д.Қалиханов.

Көбіне сауда кәсіпкерлерінің көбісі, сонымен бірге өндірушілер әлсіз кадр құрамына тап болады, басқа сөзбен айтқанда әлсіз коммерциялық команда. Бұл факт әлемдік тәжірибеден белгілі, Компанияның дамуы және тұрақтылығы жаттыққан, үйлесімді және кәсіби командаға байланысты. КНПЗ көптеген ұйымдастыру мәселелерін өз мойнына алуға, серіктестерге қажет болған жағдайда заңгерлік және бухгалтерлік қолдау көрсетуге дайын.             

« КНПЗ жоғарыда көрсетілген білім келешекте энергетикалық кешенінің Қазақстанның мұнайы және мұнай өнімдері түріндегі бір тармағының дамуы динамикалық іргерілеуге әкеледі деп есептейді, сонымен бірге Қазақстан Республикасының қазіргі бизнес бірлестігінің интеллектуалды байлығын көбейту және сақтауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда, Қазақстанда да басқа елдерде де санаулы АЖҚС мұнай өнімдерін өткізуден түскен пайдаға ғана дамуға, нарықта бар болға мүмкіндігі бар. Қазіргі стандарттар бойынша дамыған АЖҚС иелерінің көбі халық тығыз орналасқан қалаларда немесе көлік өтімділігі жоғары жерлерде АЖҚС жетілдіруге үлкен қаржы тартқан немесе тартуға мүмкіндігі бар. Қалғандары болса өз АЖҚС қазіргі талаптар бойынша жетілдіруге мүмкіндігі болмай  қалауын тек арманында ғана жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігіне таныстырылған жоба мақұлданғаннан соң және Республикалық деңгейдегі КНПЗ АЖҚС желісі мұнай өнімдерін үлестірудің ай сайынғы кестесіне қосылғаннан кейін КНПЗ қазірдің өзінде АЖҚС-да дүкендер, қызмет орталықтары, газ құю станцияларын, электромобиль мен ретбрендинг құрылыстарын салу жолымен АЖҚС дамуына 50 млн. АҚШ долларын тартуды жоспарлап отыр.

«Бүгінгі күні еліміздегі мұнай өнімдерінің тапшылығында АЖҚС иелерінің барлығының импорт өндіруге мүмкіндігі жоқ, бар болған күнде тиімсіз бағада.  Қалыптасқан тәжірибенің және басқа елдерде КНПЗ танымалдылығы есебінен КНПЗ ішкі нарық үшін арзан мұнай өнімдерінің импорты бойынша жұмыс жүргізу үшін барлық күшін біріктіруге дайын, осылайша тапшылықты белгілі бір тауашасы жабылады.Жалғыз жүріп уақыт пен күшін жұмсап келешек ұрпақ үшін бизнестің осы тармағының дамуына кедергілер мен көптеген сұрактар қалдырғаннан Қазақстан кәсіпкерлері тек біріге отырып көп нәрсеге қол жеткізе алады, сонымен қатар болашақта тұрақтылық мен сәттілікке тезірек қол жеткізеді», - деді ол. 

Анар Тәңірқұлова 




Дерекнама

Яндекс.Метрика