«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол»: Жамбыл облысының инженерлік инфроқұрылым нысан құрылысына 2,8 млрд. теңге бөлінді

Жамбыл облысына 13 нысанның инженерлік инфроқұрылымының құрылысына «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық қорынан 2,8 млрд. теңге қарастырылды, деп хабарлады облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков аймақтық коммуникация қызметінде.
Жамбыл28 Шілде , 15:16

«2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік инфроқұрылымды дамыту бағдарламасы аясында 13 нысанның инженерлік инфроқұрылымының құрылысына ҚР Ұлттық қорынан 2,8 млрд. теңге қарастырылды»,-деді ол.

Бұдан бөлек, 2016-2017 жылдары экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды ынталандыру бойынша қосымша Жоспарды жүзеге асыру мақсатына Үкіметтің арнайы резервінен 1,6 млрд. теңгені 7 жобаның инфроқұрылымын жүргізуге және жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға қарастырады, деп күтілуде.

Оның айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Үкіметтің арнайы резервінен 349 жобаны, соның ішінде Жаңатас және Қаратау қалалары мен  ауылдық округтерде 149 жобаны жүзеге асыруға 1,9 млрд. теңге бөлінбек. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика