Басқару

Дизель отынының бөлшек сауда бағасы литріне 115 теңгеден аспайды – ҚР Энергетика министрлігі

Дизель отынының бөлшек сауда бағасы нарықты қайта реттегеннен кейін литріне 115 теңгеден аспайды, деп ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті.
Астана қаласы28 Шілде , 12:41

«Бізде қолдану көлемі өткен жылғымен салыстырғанда айтарлықта өсті. Әрине, осындай жетіспеушілікті жабу үшін біз санадық. Ресейдің көтерме бағасын есепке ала отырып,  салықсыз, біз оларды кіргізе аламыз және компаниялар Қазақстанда олардың бағасын литріне 115 теңгені жасауы керек. Біздің пайымдауымызша, зауыт есебінен қолданыстың қосымша көлемін, бірінші кезекте, Солтүстік Қазақстандікін жабамыз. Артық көлемдерді Қазақстанның басқа аймақтарына жібере аламыз, осылайша, күз айында жетіспеушілікті болдырмаймыз»,-деді вице-министр.

Айта кетейік, Энергетика министрлігі дизельді отынның нарығын қайта реттеу туралы бастамасын елімізде жетіспеушілікті болдырмау мақсатында бастады. Солярийдің төмен бағасы үшін елімізде отын үлкен ағынмен Ресей және Қырғызстанға кетуде, ал ол жерде отын екі есе қымбат тұрады.

«Біздің ойымызша, осындай қайта реттеуді жасайтын күн туды. Бұйрық жобасы министрліктің сайтында жарияланған. Заңнамаға сәйкес, ол 10 күн сол жерде болады және қоғамдық ұйымдармен талқыланады»,-деді А. Мағауов.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика