Өңірлер

ҚР аумағынан тыс 2 852,2 млн теңге сомасында бағалы қағаздар жария етілді

Ағымдағы күнге барлығы 2 232,0 млрд млрд. тенге сомасында 99 014 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 1 949,0 млрд. тенге, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан28 Шілде , 14:51

«Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 984,6 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін     96 594 өтініш (декларациялар) түсті», - делінген хабарламада.

«Сомасы 735,5 млрд. теңгеге 80 213 тұрғын үй объекті, сомасы 236,2 млрд. теңгеге 42 564 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 9 736 млрд.теңгеге 159,3 коммерциялық объект, сомасы 7,1 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 58 қатысу үлесі, сомасы 5,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.92 367 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 742,8 млрд. теңгеге жария етілді», - делінген хабарламада.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 5,0 млрд. теңге құрайтын 104 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті. Сомасы 2 053,0 млн. тг құрайтын 89 тұрғын үй объекті,сомасы 29,9 млн. тг құрайтын   6 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 22,7 млн. тг құрайтын 4 коммерциялық обьекті, сомасы  15,5 млн. тг құрайтын, 8 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі;2 852,2 млн. тг сомасында бағалы қағаздар;Сомасы 4,9 млрд. теңгеге 100 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

 ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 25.07.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 1 290,2 млрд.теңге ақшаны жария етуге 2 265  жинақ шот ашылды, (оның ішінде шетелден аударылған 218,9 млрд. теңге) (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені 1 238,3 млрд.теңге) соның ішінде:  оның ішінде  заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд.теңгеге  2015 жылы 30 қарашаға дейін 179 жинақ шотын ашу арқылы;1 161,6 млрд. теңге мемлекеттік кіріс органдарына 2 137 декларация ұсыну және шот ашу арқылы, 47,7 млрд.теңге әлі декларацияланбады

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 2 960,9 млн. теңге көлемінде 39 декларация түсті.

1 201,3 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді,соның ішінде:2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд. теңге; 2 103 декларация бойынша 1 120,4 млрд.теңге.




Яндекс.Метрика