Инновациялар

«Startup «Bolashak» байқауының І маусым жеңімпазы Астанада «Нейрон» зертханасын ашты

«Startup «Bolashak» байқауының бірінші маусым жеңімпазы Әділет Елеусов Астанада «Нейрон» зертханасын аштым, деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы28 Шілде , 12:25

««Startup «Bolashak» байқау жобасы қазақстандық мыңдаған жас кәсіпкердің өз идеяларын жүзеге асыруға зор мүмкіндік береді. «Startup «Bolashak» істі енді бастаушы кәсіпкердің негізгі қорқыныш пен проблемаларын шешуге көмектеседі. Сонымен қатар алғашқы капитал мен заңгерлік мәселелердің шешілуіне атсалысады. «Startup «Bolashak» тек қаржы бөлумен ғана айналыспайды, сонымен қатар, қолдаудың барлық түрлерін көрсетеді. Байқаудан кейін де ұйымдастырушылар кеңес беруде және ары қарай жылжуда қолдау көрсетіп отырады. Бөлінген қаржы бақылауда болады, көзделген мақсатқа жұмсалады. «Даму» қорына біздің гранттық құралдарымыздың жүзеге асыуы бойынша есеп беріліп отырады»,-деді «Нейрон» зертханасын ашу идеясының авторы А.Елеусов. Бір жылдан кейін ол өзінің идеясын жүзеге асырған.  

Еске сала кетейік, «Startup «Bolashak» байқауының бірінші маусымында бірінші орын жүлдегеріне 10 млн. теңге, екінші орынға 8 млн. теңге, үшінші орынға 5 млн теңге тапсырылған болатын.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика