Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

Денсаулық сақтау министрі Маңғыстау облысының бірқатар денсаулық сақтау нысандарының құрылысын тамашалады

Бүгін Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова Маңғыстау облысына барған жұмыс сапары аясында Жаңаөзен қаласының бірқатар денсаулық сақтау нысандарының құрылысын тамашалады. Оның ішінде: 250 ауысымы бар емхана мен 100 орындық перзентхана бар.
Маңғыстау28 Қараша , 21:28

Жаңа нысандардың құрылысымен танысу барысында министр Салидат Қайырбекова жергілікті атқарушы органдардың назарын құрылыстың дер кезінде және сапалы аяқталуына аударды.

2013 жылы Маңғыстау облысында денсаулық сақтаудың 5 нысаны қолданысқа берілді. Ағымдағы жылы 50 ауысым бойынша 9 дәрігерлік амбулаторияның іске қосылуы жоспарланып отыр.  

Жалпы, 2013 жыл республика бойынша  денсаулық сақтаудың 197 нысанын тұрғызу жоспарлануда, оның ішінде 6 стационарлық мекеме, 21 емхана, 167 дәрігерлік амбулатория және медициналық пункт, 3 өзге  қызмет көрсету нысандары,қызіргі таңда олардың 60 нысаны қолданысқа берілді. 




Яндекс.Метрика