Басқару

Энергетика министрлігі дизельдік отын бағасына мемлекеттік реттеуді алып тастауға дайын

Энергетика министрлігі дизельдік отын бағасына мемлекеттік реттеуді алып тастауға дайын, деді Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов аталмыш нарыққа бағаны реттеуді шектеу туралы отырыс барысында.
Астана қаласы28 Шілде , 12:16

«Біз дизельдік отын бойынша қайта реттеу  бастамасын ұсынып отырмыз. Біздің пікірімізше,  факторлар өте  көп, бірінші кезекте, көршілес жатқан елдермен айырмашылығымыз,  РФ оларда бір литры 185 теңге, қазір Қазқастандағы баға 99 теңгені құрап отыр. Қырғыз Республикасында 160 теңге», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, дизельдік отынды көп қолдану өсіміне байланысты Қазақстанның шекаралық аймақтарында көптеген транзиттік көліктер Қазақстанда толтырғанды дұрыс деп санайды.

«Егер бұл оқиға сақталатын болса, өткен жылға қарағанда   биыл өнім құны көбірек, қазір ҚР-да 200 мың тонна бар. Қазір егін жинау науқаны басталады, біз АШМ келісімі бойынша 391 мың дизельдік отынды береміз. Біз оны көктемгі-күзгі ег кезіндегі бағаға береміз, сондықтан кейбір облыстарда жинау науқанында қысым туы мүмкін», - деді ол.  

Осылайша, Энергетика министрлігі дизельдік отын үшін бағаны реттеуді алып тастауды қарастыруда. Себебі, дизельдік отынды РФ мен Қырғызстан елдері де бізден сатып алып жүр. Оларда дизель екі есе қымбат тұрады.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика