Өңірлер

Б.Орынбеков: Жамбыл облысында 6932 нысан жария етілді

Жамбыл облысында құны 35,4 млрд. теңге болатын 6932 нысан жария етілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы Орынбеков айтты.
Жамбыл28 Шілде , 11:34

2015 жылдың 1 қарашасына дейін 3620 объекті жария етілген болса,  және акция басталғалы жария етілген мүліктің орташа айлық саны 258 бірлікті құраған болса, қараша айынан бастап бүгінгі уақытқа дейін 3310 объекті жария етіліп, орташа айлық көрсеткіш 413 бірлікті құрады немесе 160 көбейді.

Бүгінгі күнге мүлікті заңдастыруға жалпы құны 38,7 млрд. теңгені құрайтын 7385 өтініш берілген. Оның ішінде құны 35,4 млрд. теңге болатын 6932 нысан жария етілді.  Қалғандары комиссиялармен қаралу үстінде.

2016 жылдың қаңтар-маусымында мемлекеттік бюджетке 34,3 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды, бұл болжамға 122,4 пайызды құрады.

Республикалық бюджетке түсімдер бойынша болжам  119,0 пайызға, жергілікті бюджетке – 125,4 пайызға орындалды. 2016 жылдың 1 шілдесіне облыс бюджеті кірістер бойынша 105,2 млрд.теңгеге немесе жоспарға 103,8 пайызға орындалды (2015 жылға 105,7%).

 




Яндекс.Метрика