Халықаралық интеграция

30-дан астам қазақстандық өндіруші компания Ташкентте сауда миссиясына қатысты

Ташкентте ««KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрлігі Өзбекстандағы Қазақстан Елшілігі мен Өзбекстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп жасаған сауда миссиясы болды.
Әлемде28 Шілде , 11:17

ҚР СІМ-і хабарлағандай, «Сауда миссиясы - 2016» жұмысына қазақстандық тарптан металлургия саласында жұмыс істейтін, машина жасау өндірісі, құрылыс саласы, тамақ саласы, химия-фармацевтикалық өнім шығаратын 31 компания қатысты.

«Төртінші бизнес-кездесу дәстүрлі форматта өтті: серіктестік туралы келіссөздер мен келісімдер бекітілген ресми бөлім, тәжірибелік бөлім болды»,-делінген хабарламада.

Ресми бөлім барысында Өзбекстандағы Қазақстанның елшісі Ерік Өтембаев, Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Анвар Икрамов, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ атқарушы директоры Асқар Арыновтар сөз сөйледі.

Елші екі ел арасындағы екі жақты қарым-қатынастың жағдайын баяндады. Ол бауырлас елдердің көпғасырлық ортақ тарихы мен рухани-мәдени мұраларының бір екенін алға тартып, жалпы қарым-қатынастың қалыпты жағдайда еукенін жеткізді.

А.Арынов пен А.Икрамовтың сөйлеген сөздері екі елдің шағын және орта бизнес мүмкіндіктерін таныстыруға, Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының бизнес-климатты жақсарту мәселелеріне арналды. 




Яндекс.Метрика