Қалаларға шоғырлану

Астанада 39 көшені жөндеу жоспарланған

Биыл жалпы ұзындығы 33,87 км құрайтын 39 көшені жөндеу жоспарланған. Бұл туралы елорданың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі жөніндегі қоғамдық тыңдау барысында Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасының басшысы Сымбат Мырзағұлов мәлім етті.
Астана қаласы28 Шілде , 10:19

Қазіргі кезде 20 көше – 16,6 км жол қалпына келтіріліп, 4 көше – 2,01 км жол жөнделіп жатыр.

Оның айтуынша, қалада мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйлер мен жаңа аудандар тез салынып жатыр, оларды пайдалануға беру үшін инженерлік желілерді тарту және өтетін жолдармен қамтамасыз ету қажет.

Жыл сайын елордада орта есеппен 10 км жол жаңадан салынады, қозғалыс жолақтары ұлғайтылып, жол төсемі қайта жөнделеді, 7 км инженерлік желі жаңартылады. Қаладағы жалпы ұзындығы 1038,4 км құрайтын 953 көшенің 705,2 км, яғни 73,1% асфальт төселген.

2011-2016 жылдары Астана қаласында 101 км жол салынып, 275,25 км инженерлік желі тартылған. Күйгенжар, Қазақауыл, Пригородный, Казгородок, Қараөткел, Заречный және Промышленный тұрғын алаптарында тиісті жұмыстар аяқталды.

 




Яндекс.Метрика