Евразиялық одақ

ЕАЭО-да жарылғыш заттар қауіпсіздігін айқындайтын жаңа көрсеткіштер пайда болады

Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа отырысында техникалық реттеу салалсы бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.
Әлемде28 Шілде , 09:54

ЕЭК алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті мен Кедендік одақтың техникалық регламентіне енгізілген өзгерістер туралы ЕЭК жобалық шешімдерін мақұлдады. Шешімге сәйкес жоспарға «Жарылғыш заттар қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентті дайындау мәселесін қосты, деп хабарлады ЕЭК.  

Бұдан бұрынғы бір отырыста Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (ЕАЭО ТР) жобалары, сондай-ақ Кеден одағы техникалық регламенттеріне (КО ТР) өзгерістер жобалары бойынша өзекті мәселелердің бірқатары қаралған болатын.

Сондай-ақ, ЕАЭО «Электртехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы», «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» ТР жобалары, «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР өзгерістер жобасы ЕЭК Алқасы отырысында қарау үшін мақұлданған еді.

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ұсынысы бойынша «Жарылғыш заттардың және оның негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР өзгерістер жобасын енгізу бөлігінде, Техникалық регламенттерді әзірлеу жоспарына өзгерістер жобасы ЕЭК Алқасы отырысында қарау үшін мақұлданған болатын. Сол отырыстың нәтижесінде осы басқосуда жарылғыш заттарға қатысты және олардың қауіпсіздігіне байланысты техникалық регламентке өзгерістер енгізу шешімі шықты.




Дерекнама

Яндекс.Метрика